ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНДА «ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ТӘРТІППЕН ҚАРАЛАТЫН АЗАМАТТЫҚ ІСТЕР» БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда қалалық сотында «Жеңілдетілген тәртіппен қаралатын істер» тақырыбын кеңінен талқылау мақсатында семинар сабағы өтті. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Қалалық соттың төрағасы А.Бабатовтың жүргізуімен болған семинар сабағына Қызылорда қалалық сотының судьялары мен сот отырыстарының хатшылары қатысты.
Жиын барысында азаматтық істерді жеңілдетілген тәртіппен қараудың қыр-сыры жан-жақты талқыланып, қатысушылар өзара ой бөлісті.
Бұл тәртіппен істі қараған уақытта істі қабылдағанда судья ұйғарыммен талап арызды қабылдайды, қозғайды, ал ұйғарымда іс жүргізу тілі белгіленеді, жеңілдетілген тәртіппен қаралатыны көрсетіледі және жақтарға пікір, қарсылық, дәлелдемелер ұсыну үшін он бес жұмыс күні берілетіні айтылады.
Сонымен қатар, сот ұйғарым шығарған соң дереу жақтарға жолданатын хабарламада құқықтары, қосымша дәлелдемелер ұсыну үшін 15 күн мерзімді көрсету қажеттігі тілге тиек етілді. Жиын барысында аталған тәртіппен қаралған сот істері заң талаптарына сәйкес, апелляциялық шағым келтіруге болатындығы айтылды.
Семинар соңында қатысушылар тақырып бойынша өз біліктіліктерімен бөлісіп, білімдерін ұштады.