Елімізде қырыққабат, қызылша және жемістердің бағасы арзандады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазақстанда 2019 жылғы шілдеде азық-түлік бағасы 2018 жылдың шілде айымен салыстырғанда 8,7%-ға өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл дәнді дақылдардың бағасында үнемі өзгеріс байқалды. Өткен жылдың дәл осы айында қарақұмықтың орташа бағасы 1 кг үшін 257 теңге болса, биыл шілдеде 240 теңгені құрап отыр. Ал күріш 298 теңгеден, 361 теңгеге қымбаттады.
Шілдеде түйіршіктелген қанттың орташа бағасы 1 кг үшін 236 теңге болды, өткен жылы оның құны - 224 теңге болған еді.
Сүт өнімдерінен, сүзбенің орташа бағасы 2019 жылғы шілдеде 1 кг 1549 теңге (2018 жылғы шілдеде - 1550 теңге), қаймақ - 1064 (1027), айран - 287 (278), пастерленген сүт - 242 (218).