ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР СОҒЫС ЖЫЛДАРЫ ЖАСАЛҒАН КӨЛІКПЕН ҚАЛАНЫ АРАЛАУҒА МҮМКІНДІК АЛМАҚ
Қызылордада Жеңіс күні қала тұрғындары мен қонақтары соғыс жылдары жасалған ГАЗ-67 «Б» автокөлігімен экскурсияға шығуға мүмкіндік алады, деп хабарлайды BNews.kz. Машинаны өз қолымен құрастырған жергілікті тұрғын Валерий Валеев осылайша Ұлы Жеңістің 70 жылдығын одан әрі әсерлі ете түспек.
«Менікі секілді ГАЗ-67 автокөліктері 1943 жылдан бастап он жылдай шығарылды. Әлемде қазір олардың саны аз, қалғаны сол киностудияларда немесе мен сияқты энтузиастерде шығар. Менің бұл темір тұлпарды сатып алғаныма он жылдан асты, ол кезде көлік өте нашар күйде еді. Кейін ғаламтордан менікі секілді істен шыққан автокөлік таптым. Ақырындап жарамсыз қалған екі көліктің бөлшектерін құрастырып, айдауға болатын көлік жасап шығардым», -дейді Валерий Валеев.
Валеевтің әдемі әрі сирек кездесетін көлігін есепке қойған жол полицейлері техниканың үлкен маххабатпен жасалғанын, сондықтан ұзақ жылдар қызмет ететінін атап өтті.
«Мен қызылордалықтар мен қала тұрғындарын көлігіме мінгізіп, экскурсия жасағанды ұнатамын, - дейді шебер. – Тіпті әсерлі болуы үшін соғыс жылдарына келетін форма тауып алдым. Мереке күндері автошерулерге қатысып тұрамын, ал Жеңіс күні балалар мен ардагерлерді көлігіме отырғызып алып, қыдыртамын. Менің көлігім тарихтың бір бөлігі деп санаймын, сондықтан басқа да адамдар оны көруі тиіс».