2 тамызда ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 2 тамызда ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Тек кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Кей жерлерде жел күшейеді, дауыл, шаңды дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақмола облысында дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, түнде жел күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жетеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде дауыл, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе түнде және таңертең Қызылорда, Атырау, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетіп, шаңды дауылға ұласады.
Күндіз Алматы, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Қарағанды Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.