«Қызылордажылуэлектрорталығы»: технологиялық ақауды тексеру аяқталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-да электр станциясының жұмысындағы технологиялық бұзушылықты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті.
Қызылорда қаласының тұтынушыларына 49282 кВт сағат электр энергиясының берілмеуі және электр станциясының жүктемесін толық түсіруі бойынша орын алған болатын.
«Технологиялық ақауға "КЕГОК"АҚ 220 мың Вольт электр желісіндегі кернеудің төмендеуі себеп болды. Мұндай авариялық ажыратуларды болдырмау үшін нақты ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар әзірленді. Атап айтар болсақ, КОГЖЭС автоматты реттеу қондырғысы және энергетикалық жүйедегі кернеудің төмендеуінен ажыратылған кезде 35 кВ ӘЖ-не қорғаныс қондырғысы орнатылды», - делінген хабарламада.