Аптап ыстық, жаңбыр және жел: Бейсенбі күніне ауа райы болжамы
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Еліміздің жеті өңірінде аптап ыстық болады, сонымен қатар жел күшейіп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«1 тамызда фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, еліміздің кей жерлеріңде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, батыста және солтүстік батыста қатты нөсер жауады. Тек республиканың оңтүстігі мен шығысында күн райы ашық болады. Кей жерлерде жел күшейеді, дауыл, шаңды дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман күтіледі», делінген синоптиктердің болжамында.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіледі, жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде дауыл, түнде жел 15-20 м/с күндіз 15-20, кей жерлерінде 23-25 м/с күшейеді, Атырау облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіледі, түнде және таңертең түман түседі, күндіз жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, түнде жел 15-20, күндіз 15-20 кей жерлерде 23-25 м/с күтіледі.
Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде күндіз дауыл, бұршақ күтіледі, жел 15-20, Ақмола облысында екпіні 25 м/с күшейеді.
Алматы, Павлодар, күндіз Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі, Павлодар облысында бұршақ, күндіз Қарағанды облысында дауыл, түнде Маңғыстау облысында тұман күтіледі.
Күндіз Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарында, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.