1 тамыз: Ел тарихында орын алған оқиғалар
1959 жылы Теміртау (Қарағанды облысы) жұмысшыларының тоталитарлық режимге қарсы бағытталған стихиялық көтерілісі басталды. Жұмысшылар мен әскерлер арасындағы қақтығыс салдарынан 10 адам қаза тауып, көптеген адамдар әртүрлі деңгейдегі жарақаттар алды.
1967 жылы Баянауылда «Дос-Мұқасан» ансамблінің музыканттары өздерінің алғашқы концертін қойды.
1991 жылы Көкшетау қаласындағы «Көкшетау» сарайының алаңында орналасқан әнші-ақын Біржан сал ескерткішінің жанына Ақан серіге арналған ескерткіш қойылды.