Қызылордалық еріктілер жалғызбасты анаға үй салып берді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Анаргүл Беласарова – ІІ топ мүгедегі. Соған қарамастан жалғыз өзі үш баланы бағып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Келіншек бар тапқан-таянғанын пәтер жалдауға жұмсап, күнелтіп келген. Оның мұндай қиын жағдайға тап болғанын ескерген «Жанарған Жаңақорған жастары» еріктілер ұйымының мүшелері көмек көрсетуге шешім қабылдайды. Өз қалауларымен ақша жинап, 1 айдың ішінде баспана тұрғызып берді. Қол ұшын созуға ниеттілер қатарынан кәсіпкерлер мен аудан әкімдігі де табылды. Жалғызбасты ана игі іске атсалысқан барлық жанға алғысын білдірді. Ал жүректі жастар алдағы уақытта да мұқтаж отбасыларға жәрдемдесуді жалғастыра бермек.