Жел, найзағай, жаңбыр – сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Сәрсенбі, 31 шілдеде еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, күн күркірейді, жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Синоптиктердің болжауынша, 31 шілдеде фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағайлы жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстік, орталық және солтүстік шығысында күн райы ашық. Кей жерлерде жел күшейеді, дауыл, шаңды дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
Шығыс Қазақстан облысында, түнде және таңертең Ақмола, күндіз Жамбыл, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі.
Атырау облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы облысын таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Күндіз Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарында, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.