Бюджеттен 16,8 млн теңге жымқырғандар сотталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облыстық департаменті «Қазалы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ҚММ басшысы Б.Тиыштықов пен «Агроспецмонтаж» ӨК директорының орынбасары Н.Әбуовке қатысты сотқа дейінгі тергеу ісін аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Б.Тиыштықов қызметтік өкілетін асыра пайдалана отырып, Қазалы қаласында құрылыс жүргізілетін тұрғын үй инфрақұрылымдарын қамтамасыз ету нысанының құрылысы кезінде жалған орындалған жұмыстар актісіне қол қойған. Осының нәтижесінде Әбуов 16,8 млн теңге сомасында бюджет қаражатын иемденген.
29 шілдеде Қазалы аудандық сотының үкімімен Тиыштықовтың - 1 жылға, Әбуовтің - 6 жылға бас бостандығы шектелді.
Сотталушылар мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.