31 шілде: Ел тарихында орын алған оқиғалар
1967 жылы Жаңақорған ауданының №53 орта мектебіне Кеңес Одағының батыры А.Д.Романовтың есімі берілді.
2005 жылы «Қазпошта» АҚ «Сәулет» сериясынан Бейбітшілік және Келісім сарайы бейнеленген жаңа пошталық маркасын айналымға енгізді. Марканың тиражы - 50 000 дана. Бейбітшілік және Келісім сарайы Қазақстан халқының конфессияаралық келісімін нығайтады. Оның құрылысы туралы шешiм 2003 жылы Әлемдік дәстүрлі діндер съезінде қабылданған болатын. Ғимарат Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан.
2013 жылы ҚР Президенті стипендиясын беруге магистранттарды іріктеу бойынша конкурстық комиссия отырысы өтті.
2017 жылы ағымдағы коэффициенттер бойынша «Астана» Қазақстан клубтарының арасында алғаш рет Еуропаның үздік 100 клубының қатарына кірді. «Астана» ФК қазір (2018 жылғы шілдедегі жағдай бойынша) УЕФА рейтингінде 67-орында.