Экологиялық акцияға қолдау білдірді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданының жұртшылығы #Birge #TazaQazaqstan республикалық экологиялық акциясына қолдау білдіріп, атсалысты.
Акцияға жиналған азаматтар Бәйгеқұм елді мекені аумағындағы Ханқожа көлінің жағасына және Шиелі кентінде орналасқан "Алтын береке" жағажайына жинақталған қоқыстарды тазартып, арнайы көлікке салып, тиісті аймаққа жеткізді.
Шиелі ауданы әкімі Әшім Оразбекұлы бастаған тазалық шарасына аудан көлеміндегі барлық мемлекеттік мекеме қызметкерлері, табиғат пайдаланушылар және жергілікті тұрғындар бірікті.
Айту керек, өткен аптада #Birge#TazaQazaqstan республикалық экологиялық акциясын ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бастаған болатын.
Тазалық акциялары жаз маусымы аяқталғанға дейін жалғасады деп жоспарлануда.