Сейсенбі күні еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 30 шілдеде еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Циклонның және сонымен бірге фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, республиканың кей жерлерінде найзағайлы жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік батысыңда күн ашық. Кей жерлерде жел күшейеді, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман күтіледі», делінген ауа райы болжамында.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде дауыл, жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола, Жамбыл, Павлодар, Түркістан, Қостанай, күндіз Ақтөбе, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, Қостанай облысының күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Күндіз Алматы облысыныңда, Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.