Арыстағы 150 бала Сыр еліне келді (ФОТО)
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Арыс қаласындағы 150 бала Жаңақорған ауданындағы облыстық олимпиадалар мен қосымша білім беру орталығына тегін демалуда.
Балаларды Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова, Жаңақорған аудан әкімі Ғалым Әміреев қарсы алып, жүрекжарды тілегін жеткізді. Өз кезегінде арыстық балалар да жазғы демалыстарын жоғары деңгейде өткізілетіндігіне қуаныш екендерін жеткізді.
Балалар жаңа оқу жылы басталғанға дейін психологиялық тренинг, экскурсия сынды түрлі үйірмелерге қатысады. Олар лагерьде 20 күн бойы демалатын болады.
Айта кетейік, Арыс қаласындағы жағдайға қатысты Сыр елі түрлі деңгейде көмектер ұйымдастырып, бастамашыл топтарға бірікті.