Селфи жасап, жолға шыққан қызды мотоцикл қақты
Алматы қаласында селфи жасап, ойнап жүрген қызды мотоцикл қақты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алатау ауданы, Ақын Сара көшесінде он бес жастағы жасөспірімді мотоцикл қағып кетті. Куәгерлердің сөзінше,мотоцикл өтіп бара жатқанда екі қыз жол бойында селфи жасап, ойнап жатты. Сол кезде қыздардың біреуі жолға атып шыққан. Мотоцикл жүргізушісі тоқтап үлгермей, оны қағып кетті.
2004 жылғы қыз бен жүргізуші әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.