Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 29 шілдеге арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Тоқты
Жақындарыңызбен, балалармен тіл табысуыңыз қиындап, кикілжіңдер туындайды. Отбасындағы мәселелерді ұшықтырмай, тез арада шешкеніңіз жөн. Жақындарыңыздың ойын тыңдаңыз.
Торпақ
Сізді алдағысы келетіндер көп. Сіз арқылы өзіне пайда көретіндер табылады. Сондықтан өзгелердің арбауына еріп кетпеңіз. Өзіңіздің ішкі түйсігіңізге құлақ асыңыз.
Егіздер
Бүгін өте ашулысыз. Жақындарыңызбен, ағайын-туыспен араларыңызда түсініспеушіліктер орын алып, жағдай қиындай түседі. Сіздің жайыңызды тек жақын досыңыз ғана түсіне алады.
Бүгін өте ашулысыз. Жақындарыңызбен, ағайын-туыспен араларыңызда түсініспеушіліктер орын алып, жағдай қиындай түседі. Сіздің жайыңызды тек жақын досыңыз ғана түсіне алады.
Шаян
Бүгін сіз таныстарыңыздың қатарын көбейтесіз. Бірақ сақ болған жөн. Себебі нақты шешім шағара алмайтындығыңыздан келіспеушіліктер орын алып, соңы қиындыққа әкеп соғады.
Арыстан
Түске дейінгі уақытыңыз көңілді өтеді. Жаңа идеяларыңыз бен жоспарларыңызды жүзеге асыра бастайсыз. Оларды орындау барысында достарыңыз, туыстарыңыз көмек көрсетеді.
Бикеш
Денсаулығыңызды күтіңіз. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіз. Үй шаруасын тез арада бітіріп, отбасылық мәселелерді де тез арада шешуге тырысыңыз.
Таразы
Бүгін барлық адам сізге қарсы тұрғандай көрінеді. Бірақ жағдайдың соншалықты қиын емес екенін түсініңіз. Оңаша қалуға мүмкіндік болса, жалғыз отырып ойланыңыз.
Сарышаян
Өміріңізде өзгерістер орын алады. Жұмыс орнын немесе баспана ауыстырасыз. Не болмаса шаңырақ көтеруіңіз мүмкін. Жұмысыңызды жандандыруға көмек көрсететіндер табылады.
Мерген
Көңіл-күйіңіз көтеріңкі болмақ. Серіктестермен ойларыңыз бір жерден шығып, жұмысыңыз өрге домалайды. Дегенмен өзгелерге қызғанышпен қарамаңыз. Керісінше көмек көрсетуден қашпаңыз.
Тауешкі
Бұл белгідегі үлкен кісілер аздап сырқаттанып қалуы мүмкін. Сондықтан ауырмаудың амалын қарастыра беріңіз. Жеке өміріңізде де аздаған қиындықтар орын алады.
Суқұйғыш
Шығармашылықпен айналысатын жандар үшін бүгінгі күн сәтті болмақ. Мүмкін қызықты кездесулерге барарсыз. Не болмаса тәжірибелі маманнан сабақ аласыз. Ең бастысы білім көкжиегін кеңейтесіз.
Балықтар
Бүгінгі күн жағымды жаңалықтарға толы болмақ. Өміріңіздегі қиын кезеңдер артты қалды деп ойлай беріңіз. Бүгіннен бастап өміріңізде оң өзгерістер орын алады. Алдағы күндерге жоспар құырыңыз.