Жүзудің денсаулыққа пайдасы қандай?
Спортпен айналысу адам денсаулығына пайдалы екенін білеміз. Әсіресе, суда жүзу адамның тек ішкі ағзаларына ғана емес, сондай-ақ сырт келбетіне де оң әсерін тигізбек. Егер сырт келбетіңіздің сымбатты болғанын қаласаңыз суда жүзуге асығыңыз. Бірақ созылмалы жұқпалы аурулармен ауыратын немесе терісі зақымданған жандар бұл спорт түрінен уақытша бас тартқаны жөн. Ал жүрегінде ақауы бар жандар ең алдымен дәрігерден кеңес алсын.
Енді суда жүзудің пайдасына тоқталар болсақ:
1.Жүктілік кезеңмен қоса, жүзу буын, омыртқа аурумен ауыратындар үшін өте пайдалы. Суда жүзген адамның бүкіл бұлшықеттері қозғалысқа түсіп, денесі шынығады. Алайда, бұл да жүзудің түріне байланысты.
2.Суда жүзу жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алып, қан айналымды жақсартады. Себебі, суда жүзген кезде қарын, қол, иық, бөксе жақсы жұмыс істейді.
3.Адамның тыныс алуын да қалыпқа түсіреді. Себебі, жүзуден көкірек қуысы кеңейіп, тыныс ашылады.
4.Суда жүзумен қатар, судың ішінде жүрудің де пайдасы зор. Ол үшін суы терең емес бассейнді таңдап, суда жай жүрумен, жүгірумен айналысып көріңіз.
5.Жүйке-жүйесін айтарлықтай тыныштандырып, күйзеліс жағдайынан тез арылуға көмектеседі. Себебі су адамның барлық джене мүшесіне әсер етіп, оған массаж жасайды әрі босаңсытады.
6.Суда жүзу ұйқысыздыққа қарсы ең күшті ем.
7.Бұл спорт түрімен шұғылданған адамсының ағзасы кез келген ауруды жеңіп шыға алады әрі оны оңай жұқтырмауға қарсы тұра алады. Сонымен қатар мұндайларға ауа-райының бұзылысы да оңайлықпен әсер ете қоймайды.
8.Суда жүзу арқылы тез арықтауға болады. Себебі суда жүзу кезінде жүгіргеннен де көп калория бөлінеді.