Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 28 шілдеге арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Тоқты
Бүгін сіз кез келген қиын тапсырманы оңай орындай аласыз. Достарыңызға көмек көрсетуден қашпаңыз. Бүгінгі күн жолға шығуға өте қолайлы болмақ.
Торпақ
Қулығыңызды өзгелерден асырамын деп ойламаңыз. Себебі бұл өзіңізге зиян болуы мүмкін. Сондай-ақ бүгін өзгелердің ығына ермеңіз.
Қулығыңызды өзгелерден асырамын деп ойламаңыз. Себебі бұл өзіңізге зиян болуы мүмкін. Сондай-ақ бүгін өзгелердің ығына ермеңіз.
Егіздер
Бүгінге жоспарланған кездесуге таянақты түрде дайындалып барыңыз. Айтар ойыңызды жинақтап, нақты нені ұсынатыныңызды алдын ала дайындап алыңыз.
Шаян
Өз кемшіліктеріңізді ойлап бас қатырмаңыз. Керісінше, өзіңізге деген сенімді күшейтіңіз. Сонда ғана жұмысыңыз да, жеке кәсібіңіз де алға қарай жылжиды.
Арыстан
Күн демалыс болғандықтан, өзіңізге толық демалыс сыйлаңыз. Үй шаруасында кейінге ысырыңыз. Бассейнге барыңыз немесе салқын ванна қабылдаңыз.
Бикеш
Бүгін қызметіңізді жоғарылатуға немесе қаржылай қолдайтын жандардардан көмек алуға толық мүмкіндігіңіз бар. Тамақты талғап жеңіз.
Таразы
Бүгін ұсақ-түйек тірліктің барлығын бітіресіз. Әлдекімдерге алданып қалмаңыз. Майда-шүйденің барлығына мән беріңіз. Тіпті тиын-тебенді де санап жүргеніңіз жөн.
Сарышаян
Бүгін күш-қуатыңыз мол болмақ. Белсенді болудан пайда көрмесеңіз, зиян шекпейтініңіз анық. Көлік жүргізетін болсаңыз, жолда абай болыңыз.
Мерген
Қолдан келер іспен айналысыңыз. Аспандағы айға қол созудың қажеті жоқ. Үйде ұсақ-түйек істі атқарып, қаржылық мәселені біржақты етіңіз.
Тауешкі
Ешкіммен дауласпаңыз. Бұл жақсы әдет емес. Бүгін өте ашушаң боласыз. Ол сөзіңізден де, ісіңізден де байқалады. Ұстамды болуға тырысыңыз.
Суқұйғыш
Бүгінгі күн махаббатыңызды мойындап, романтикалық кеш ұйымдастыруға өте ыңғайлы. Балаларыңыздың тәрбиесіне мән беріп, көңіл бөліңіз.
Балықтар
Сіз бүгін лауазымды тұлғалардың немесе әріптестеріңіздің көмегіне жүгіне аласыз. Бірақ қолұшын созған жандарды ұмытпаңыз.