Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы тағайындалды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы лауазымына Жалғасбаев Ерқыран Ертілеуұлы тағайындалды.
Е. Жалғасбаев 1988 жылы туған. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Құқықтану», сондай-ақ «Экономика және бизнес» мамандықтары бойынша бітірген.Еңбек жолын 2011 жылы Қызылорда қаласы әкімі аппаратының бас маманы ретінде бастаған.
2018 жылдың қаңтар айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысы әкімі аппараты Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы лауазымында қызмет атқарып келді.



















