КӘСІПКЕРЛЕР «БАЛАПАН» БАҒДАРЛАМАСЫНА СЕПТІГІН ТИГІЗУДЕ
«Балапан» және «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру аясында елімізде балабақшалар саны артып, кезекте тұрған сәбилер саны да азаюына септігін тигізді. Аталған мәселе Қызылорда облысында да біршама уақыт қиындық туғызды. Алайда облыс кәсіпкерлері «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында төмен пайызды несие алып, тұрғындар тарапынан сұраныста болған балабақшалар санының артуына жұмыс жасауы мәселені шешті деп айтуға болады. Балаларға білім беру орталықтары мемлекет қолдау көрсететін экономиканың басым секторына сай келетін болғандықтан, бірқатар кәсіпкерлер балабақша ашу үшін мемлекет ұсынған қолдауларға қол жеткізіп, оның ішінде Даму Қорының кепілдендіруі аясында екінші деңгейлі банктерден несие алып, оның қайтарым пайызын мемлекет субсидиялауы арқылы төмендете алды. Қызылорда облысында аталған мүмкіндікті шағын және орта бизнесте жұмыс жасайтын 15 –ке жуық кәсіпкер пайдаланып, жаңа заманға сай жабдықталған балабақшалар ашты. Жеке балабақшаны ашудағы бір ерекшелік, бәсекелестік артқан сайын оқу орталығында көрсетілетін қызмет түрлерін де арттырып отырады. Мысалыға айта кетсек, мектепке дейінгі жеке орталықтарда бассейн, би үйірмесі, спорттық секциялар бар, сонымен қатар балаларды үйлеріне жеткізіп салу қызметі мен ата-анаға қолайлы жұмыс графигін құру да ұйымдастырылған.
«Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Жалағаш ауданының кәсіпкері Ақшагүл Махатова 2012 жылы кентінде жергілікті тұрғындардың қуанышына 100 орындық балабақшаның есігін айқара ашты. Жалағаштық кәсіпкер соңғы үлгідегі сапалы қызмет көрсететін балабақшаның құрылысына қаржы алу үшін «БТАБанк» АҚ-нан несие рәсімдеп, 7% үстемемен тиімді несиеге қол жеткізді. Несие рәсімдеу барысында жетіспеген кепілдіктің мәселесін Даму Қоры арқылы шешті, яғни Қор тарапынан кәсіпкердің жобасына банк алдында 50 пайыз кепілдендіру берілді. Жобаның жүзеге асуы барысында жеке кәсіпкер Ақшагүл Махатова жергілікті тұрғындар арасынан 30 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жалағаштық кәсіпкердің сөзінше, тиімді әрі қолжетімді болған мемлекеттік қолдау арқылы екінші балабақшаның құрылысын аяқтап қалды және жақын арада аталған орталық өз келушілеріне қызмет көрсетуін бастайды.