Қызылордада ауа райына байланысты ескерту жарияланды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ертең, 26 шілдеде күндіз Қызылорда облысында 40°С аптап ыстық күтіледі. Кей жерлерде солтүстік-шығыстан күшті жел соғады. Жел екпіні -15-20 м/с.
Осы күні Қостанай облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстіктен және солтүстік-шығыстан жел соғады. Жел қарқыны күндіз кей жерлерде 18 м/с жетеді.
Сонымен қатар ертең күндізгі уақытта Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші - 15-20 м/с.
Ал Орал қаласында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін күшейеді.