Қымбат медициналық қызмет түрлеріне қалай тегін қол жеткізуге болады?
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қымбат медициналық қызмет түрлерін барлық адамның қалтасы көтере бермейді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін алдағы уақытта толық енгізу шеңберінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс медициналық көмек қолжетімді болады.
Бұл, мысалы, МРТ, КТ сияқты медициналық қызметтері, қымбат тұратын зертханалық медициналық қызметтер, сондай-ақ жоспарлы стационарлық медициналық көмек, оңалту, қалпына келтіру емі және т. б.
Сонымен, 2020 жылы қандай медициналық көмек болады? Медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушыларына не қолжетімді болады? Осы және басқа да сұрақтарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының мамандарының қоғамдық қабылдауындағы кеңес беру барысында жауап береді.
Әр сәрсенбі күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Қызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі, 2е мекен-жайында орналасқан ХҚКО филиалының орталық кеңсесінде.
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде апта сайын, жұма күні, сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Абай даңғылы, 64 - Г. мекен-жайында өткзіледі.