Қармақшыда 50 млн теңге тұратын құс фабрикасы салынып жатыр
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Құс фабрикасын 2019 жылы іске қосу жоспарланған. Кәсіпорынның іске қосылуы ауданда азық – түлік өндірісін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, жем дайындауға, қажетті дақылдар егу көлемін арттыруға, осылар арқылы егін шаруашылығын әртараптандыруға өз ықпалын тигізетін болады.
«Байқоңыр» ӘКК ҰК АҚ Директорлар Кеңесінің шешімімен жобаны қаржыландыру мәселесі бекітілді. Осы шешім негізінде «Қармақшы - құс» ЖШС Біріккен Кәсіпорны құрылды.
«Жобаның ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Жобаның жалпы сметалық құны 1млрд 978,2 миллион теңгені құрайды. 2018 жылы облыстық бюджеттен («Байқоңыр» ӘКК ҰҚ) жобаны іске асыруға жоспарланған 558,6 миллион теңгенің 458 миллион теңгесі бөлініп, бүгінгі күні құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта әкімшілік және бақылау-өткізу пунктінің ғимараттарының құрылысы, алты құс цехының ірге тасы қаланып, инкубациялық цехтың құрылыс жұмыстары 95 пайызға орындалды. Құс фабрикасының аумағы толық қоршалды», - делінген аудан әкімі баспасөз қызметінің таратқан мәліметінде.
Құс фабрикасына қажетті инфақұрылым жеткізу бойынша 2018 жылы ЖСҚ- әзірленіп, бюджеттік өтінімдер тапсырылды. Сұратылған қаржының 2019 жылы облыстық бюджеттен 50 миллион теңгесі бөлінген.