Нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады: синоптиктер алдағы күндерге болжам жасады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. "Қазгидромет" метеоқызметі 25-27 шілде аралығына болжам жасады.
"Жақын күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, батыста, солтүстікте және шығыста кей жерлерде нөсер болады. Күн күркіреп, жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.
Тек республиканың оңтүстік облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бірақ ыстық біртіндеп төмендейді, ауаның ең жоғары температурасы плюс 33...40°С шамасында болады.