Жер бетіне емделмейтін қауіпті инфекция тарап жатыр
oldkaz.kyzylorda-news.kz. АҚШ пен Нидерландының ғалымдары климаттың өзгеруінен өмірге қауіп төндіретін, емделмейтін ифекциялық аурудың пайда болғанын мәлімдеді деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Зерттеушілердің айтуынша, паразитте дамыған иммундық жүйесі бар екен және олар адамның қалыпты температурасы жағдайында өмір сүре алмайтын көрінеді.
Алайда жаһандық жылудың, сондай-ақ, климаттағы өзгерістер салдарынан аталмыш паразиттер 37 градус Цельсияда өмір сүретін деңгейге жеткен екен.
Осы паразиттің салдарынан туындаған дертке қазірдің өзінде әлемнің 30-дан астам елінің азаматтары шалдыққан.
Ғалымдар мұндай саңырауқұлақ салдарынан қан айналымы жүйесінің бұзылатындығын, жүрек пен ми жұмысы әлсірейтінін алға тартып отыр. Өкініштісі бұл ауруға шалдыққан адамдардың 30-60 пайызы өлім құшады екен.