Сот шешімімен Тұрғанбаевқа айыппұл салынды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облыстық департаменті Тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары А.Тұрғанбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тұрғанбаев қол астындағы қызметкерлерден жұмыста «қамқорлық» жасау үшін 100 мың теңге көлемінде пара алған. Сондай-ақ, санитарлық тұжырым ұсынғаны үшін жеке балабақша өкілінің 200 мың теңгесін алаяқтық жолмен иемденген.
Биыл 22 шілдеде №2 Қызылорда қалалық сотының үкімімен Тұрғанбаевқа 3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сот оған айыппұлды төлеу үшін 1 ай уақыт берді. Төлемеген жағдайда бас бостандығынан айырылады.
Сотталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.