Қызылордада жазғы еңбек маусымы басталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Облыстық жастар орталығында "Жасыл ел" жастар еңбек жасағының маусымдық кезеңде ашылу салтанаты өтті. Оған 200 сарбаз қатысты.

«Сенің еңбегің – сенің ертеңің» ұранымен облыстық еңбек маусымы ашылды. Биылғы маусымда 1035 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Қазіргі таңда облыс бойынша 16-29 жас аралығындағы 520 сарбаз еңбекке араласып жатыр. Тамыз айының аяғына дейін қалған жастардың барлығын еңбекке тартып, толық қамтитын боламыз», - дейді облыстық «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жетекшісі Серік Әбіл.

