Қызылорда облысы Полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Президент Әкімшілігінің келісімімен Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Сұлтан Бектөре Жеңісбайұлы тағайындалды.
Мұның алдында ол Түркістан облысы Полиция департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Жаңа басшыны жеке құрамға облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов таныстырды. Аймақ басшысы Бектөре Сұлтанды құттықтап, жаңа қызметінде сәттілік тіледі. Сондай-ақ, облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Арыстанғани Заппаровты ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалуымен құттықтап, Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстады.
Өз кезегінде, Арыстанғани Заппаров әріптестеріне алғыс айтып, ыстық ықыласын жеткізді.
ҚР ішкі істер министрінің орынбасары, полиция полковнигі Алексей Калайчиди осы салада атқарылып жатқан жұмыстар мен алға қойылған міндеттер туралы айтты.