Қызылордадағы 4 базардың тағдыры қалай шешілмек?
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда өңірінде кәсіпкерлік қарқын алып келеді. Аймақта сауда-саттық ісінде жаңа қадамдар жүзеге асырылады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов мәлімдеді.
Айталық, өңірде «Сауданы дамыту» жобасының «Сауда саласын жаңғырту» бағыты бойынша салалық орталық мемлекеттік органдармен бірге нақты жоспар бекітілген. Жоба аясында 4 сауда базарын заманауи форматтағы сауда нысандарына көшіріліп, заманауи форматтағы 4 сауда объектісі іске қосылады.
«Қызылордада кәсіпкерлер арасында интернет-дүкендер арқылы сатуды ұйымдастырудың артықшылықтары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік кірістер департаментінің ресми мәліметтеріне сәйкес, облыста 51 интернет-дүкен жұмыс жасауда, оның ішінде жыл басынан бері 21-і тіркелген. Біз жыл соңына дейін облыста 8 интернет-дүкендерін ашуды көздеп отырмыз»,-дейді басқарма басшысы Фердоуси Қожабергенов.
Айта кету керек, күні бүгінге дейін шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны 44225-ке жеткен. Сәйкесінше 1446 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тұрақты жұмыс жасап тұрғандығын растайтын статус алған.