Мал шаруашылығы саласында атқарылған іс көп
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасы аясында 2019 жылы Арал ауданына 350 бас мүйізді ірі қара малын шет елден сатып алу жоспары берілді. Осыған орай Жаңақұрылыс ауылдық округіндегі «Әулие төбе» шаруа қожалығы 120 бас және Октябрь ауылдық округіндегі «Жомарт» шаруа қожалығы 100 бас асыл тұқымды ет бағытындағы мүйізді ірі қара малын әкелу үшін жұмыс істеуде.

Тұқымдық түрлендіру жұмыстары да қарқынды. 2019 жылға 7180 бас мүйізді ірі қара малы аналықтарын тұқымдық түр¬лендіруге қатыстыру жоспары берілсе, 1449 бас аналық сиыр және 90 бас асыл тұқымды бұқа тұқымдық түрлендіруге қатысуда.
Айта кетейік, аудан бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көрсеткіші 102,4 процентке орындалған. 2019 жылдың 1 шілдесіндегі есепке сәйкес аудандағы барлық ауыл шаруашылығы құрылымындағы түлік саны–мүйізді ірі қара 55516 басқа, қой мен ешкі 101114-ке және жылқы 37064-ке, түйе 30854 басқа жетіп отыр.