Сырдарияда құрылыс жұмыстарының көлемі 12 есеге ұлғайды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Биылғы жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша Сырдария ауданында бөлшек сауда айналымының нақты көлемі 643,2 млн теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,5 % құрады.
2019 жылдың 1 шілдесіне 2200 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелді. Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік нысандарының саны 1969 болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 19 % өскен.
Жұмыспен қамтылған адам саны 5294 болса, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелгендерге үлесі 89,5 % құрап, жыл басымен салыстырғанда 1,4 % артты.
Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айында аудан экономикасына 32918,0 млн теңге негізгі капиталға инвестиция тартылып, 144,3 % ұлғайды.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 12 есеге көбейіп, 11383 млн теңгені құрады. 2019 жылдың 6 айында 6794 шаршы метрге тұрғын үй салынып, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,5 % өсті.
Жыл басынан бері аудан бюджетінің түсімдері 5598,3 млн теңгеге немесе 101,3% орындалды. Оның ішінде өз кірістердің жоспары 101,9 % орындалып отыр.
Аудан бюджетінің шығындар жоспары ағымдағы кезеңге 100 % орындалды. Тиісті кезеңде аудан бюджеті 100 % игерілді.