Қазақстандықтар өмір сүру сапасына қаншалықты риза?
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Бұл сұрақтың жауабын Статистика комитетінің зерттеуінен білдік, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зерттеу нәтижелері бойынша респонденттердің 48,5%-і өз денсаулығына қанағаттанған. Мұнда да ауылдықтардың үлесі басым. Сауалнамаға қатысқандардың 44,3%-і бос уақытының болуына риза. Ал материалдық жағдайына қатысты сұраққа зерттеуден өткендердің 68,8%-і өздерін орташа деңгейге жатқызса, 0,4%-і өзін қамтамасыз етудің төмен деңгейінде екенін көрсетті және респонденттердің 0,3%-і ғана материалдық жағдайын жоғары деңгейге жатқызған.