Мамандарға мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу жолдары түсіндірілді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылордадағы мемлекеттік мекемелердегі кадр бөлімінің мамандары «Е-gov» электронды үкімет порталы және Telegram-бот жүктемесі арқылы мемлекеттік қызметтерді ХҚКО-на бармай электронды түрде алу жолдары түсіндірілді.
Жиын барысында қатысушылар ұялы телефон номерлерін мобильді азаматтар базасына тіркеп, Телеграм-бот жүктемесінде нақтылай мобильді қызметтер алып үйренді.
«Электрондық қызметтерді кез келген адам үйінде отырып немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы «Connection Point» секторларында өздігінен ала алады. Қазіргі таңда 742 мемлекеттік қызмет түрлерінің 531 – ін электронды үкімет порталы арқылы алуға болады. Ол үшін азаматтарға электрондық цифрлық қолтаңба керек немесе мобильдік азаматтар базасында тіркелуі тиіс екендігі аталып өтілді. Облыс бойынша «Connection Point» секторлары арқылы 2019 жылдың 6 айында 627935 электронды қызмет алынған», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Айдын Қайруллаев.
Мобильді азаматтар базасына тіркеу ерікті түрде жүргізіледі, мұнда азаматтардың жеке сәйкестендіру нөмірі мен ұялы телефон нөмірі байланыстырылып, базаға енгізіледі. Бұл арқылы дерекқорда жеке мәліметтері бар адамдар халыққа қызмет көрсету орталығына бармай, бірнеше мемлекеттік қызмет пен сервисті үйінде немесе жұмыс орнынан қол үзбей онлайн түрде ала алады. Мәселен, базаға тіркелгендер egov.kz порталының құпия сөзін ұмытқан жағдайда, ұялы телефондарына бір реттік құпиясөзге сұрау жібере алады.