Қызылордада таныстарының атына кредит алған студент сотталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылордада таныстарының атынан кредит алған студент қыз сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осылайша екі мәрте алаяқтық жолмен несие рәсімдеген ол сот алдында жауап беруге тура келді. Қызылорда қаласы №2 сотының үкімімен ол үш жылға сотталды. Сондай-ақ, оған жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеу міндеттелді.