Шахматтың өмірге баулитын тұстары
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Шахматтан әлем чемпионы Гарри Каспаровқа “Сіз қанша қадам алға жоспарлайсыз?” деген сұрақ қойған кезде, көпшілік ол көп санды атайтынына сенімді болған еді. Гарридің жауабынан, адамдар неліктен дәл Каспаровтай шахматтың құлағында ойнамайтынын түсінгендей болды: “Шахматта сіздің қанша қадам алға жоспарлағаныңыз маңызды емес, ең бастысы, сіздің ағымдағы жағдайды дұрыс бағалай білуіңіз”.
Бұл әдістің мәні мынада: егер адам қадамдарын алдын ала жоспарлап, соны ғана ұстанып отырса, ол ағымдағы жағдайдың өзі ойлағаннан өзге болуы мүмкін екенін ескермейді. Барлығын дәл анықтап қою мүмкін емес. Сондықтан, адам өзі қарастырған қадамдардың ең ұтымдысын таңдайды, ал, ол қадам ойдағыдай тиімді болып шықпайды.
Осы қателікті біз күнделікті өмірімізде де ескермей жатамыз. Себебі, біздің алдын ала қабылдап қойған шешіміміз ағымдағы жағдайдың өзгеруіне байланысты ұтымсыз болып қана қоймай, тіпті, кері қадам жасағанмен тең болып жатады.
ндеше, Гарри Каспаров шахмат ойынында қолданатын бұл әдісті ұстану жетістікке жетелері хақ. Егер ол ұсынған тәсіл негізсіз болса, Каспаров шахматтан халықаралық дәрежедегі гроссмейстер болар ма еді?
Ал, XX ғасырдың ең мықты шахмат ойыншысы, 11-ші әлем чемпионы Бобби (Роберт) Фишер “Шахмат — өмір” деген екен.