Жаңа оқу жылында оқушылардың киім үлгісіне өзгеріс енгізілмейді – А.Аймағамбетов
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Жаңа оқу жылында оқушылардың киім үлгісіне ешқандай өзгеріс енгізілмейді. Сондай-ақ баласын мектепке алты жастан бастап бермегендерге айыппұл салынады деген сөз шындыққа жанаспайды. Бұл туралы еліміздің Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов мәлімдеді. Оның айтуынша, баланы мектепке алты жастан беру туралы норма үш жыл бұрын қабылданған. Мәселен, өткен жылы бірінші сынып оқушылыраның 80 проценті 6 жастан қабылданған.
«ЮНЕСКО-ның мәліметтеріне қарағанда әлемнің 134 елінде бала 6 жасынан бастап мектепке қабылданады. Яғни біздің жүйеде айтарлықтай өзгешелік жоқ. Бұл тексерілген тәжірибе. Әрине әрбір баланың ерекшелігі бар. Оны ескерусіз қалдырмаймыз», - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Сондай-ақ Асхат Аймағамбетов Білім мен ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасына тоқталды. Жаңадан қабылданатын құжат колледждер мен университтеттерге жаңа серпін бермек. Яғни алдағы уақытта жоғарғы оқу орындары оқу бағдарламасын жұмыс берушілерідің тапсырысы мен сұранысына байланысты жасайды.