«ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫ» МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЭСТАФЕТА БАСТАУ АЛДЫ
3 ақпанда елордамыз Астананың төрінде алдағы «Ұлы Жеңістің 70 жылдығы» мерекесіне орайластырылып, «Біз Жеңістің мұрагерлеріміз!» атты республикалық әскери-патриоттық эстафета өзінің бастауын алды. Бұл шараны ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы ұйытқы болып отыр. Бул туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында жарияланды.
Эстафета барысында Жауынгерлік Туды табыстау рәсімінен өзге майдангер бабаларымызға арналған тағзым шаралары, Отан үшін от кешкен ардагерлер қауымымен кездесулер, өскелең ұрпақты ерлік пен өрлікке баулу сабақтары, әр түрлі көрмелер мен әскери-патриоттық фильмдердің көрсетілімдері ұйымдастырылмақшы.
3 ақпан күні республикалық эстафетаның бастау алуының да өзіндік ерекшелігі бар. Өйткені, дәл 1943 жылдың 2 ақпан күні соғыстың алдағы бағыт-бағдарын, талайы тағдырын айқындаған Сталинград түбіндегі кескілескен шайқас аяқталған еді. Осы майданда көрсеткен ғаламат ерліктері үшін 29-шы дивизияға 72-ші гвардиялық мәртебесі берілді.
92 тәулікке созылатын эстафета барысында 70-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы Жауынгерлік Туының көшірмесі бас-аяғы 10 000 шақырымнан аса жерге тасымалданып, еліміздің 25 қаласында желбірейді. Эстафета соңында Ту ел жүрегі – Астанаға қайтып оралып, жоғарыда атап өткеніміздей әскери шерудегі құрмет белгілерінің біріне айналмақшы.