Дәрігерлер ана мен баланы ажалдан аман алып қалды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Шымкент қаласында алғаш рет науқастың жүрегіне ашық түрде операция жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Ашық түрде жасалатын операциялардың бәрінің өзінің ерекшелігі бар. Осы науқасқа да осы ерекшеліктермен жасалды. Сол жасалып жатқан операция кезінде жүрек пен өкпе тоқтап, оның орнына басқа құрал-жабдықтар қызмет атқарады. Жалпы организмнің қан қысымын, ағзада болып жатқан өзгерістердің барлығын қадағалап, бірқалыпты ұстауға мүмкіншілік жасайды. Бәрі сәтті өткен кезеңде жаңағы аппараттарды ажыратып, толық мөлшерде жүрекке өз қызметін қайтадан қосамыз», - дейді кардиологиялық орталықтың бас дәрігері Ермағанбет Қуатбаев.