Жұма күні 8 өңірде жел күшейеді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 19 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді.
Жамбыл облысында кей жерлерде шаңды дауыл тұрады.
Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ жаууы мүмкін, Шығыс Қазақстан облысында дауыл тұрып, бұршақ жауады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі.
Күндіз Алматы, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында аптап ыстық, кей жерлерінде өте қатты ыстық болады.
Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.