Медицина саласындағы 225 мың қызметкердің жалақысы 25-30% өседі
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Елімізде шілдеден бастап медицина саласындағы 225 мың қызметкердің жалақысы 25-30 процентке өседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Мемлекеттің жас мамандарға және медицина саласының қызметкерлеріне жалақының 20-30% қосылуы өзіміздің күн көресімізге және жұмыс істеуімізге стимул береді. Бұл қосылып жатқан ақша көптеген жас мамандардың жұмыс істеуіне, жұмыста қалуына, орналасуына және өзінің кәсібін жылжытуына өзінің септігін тигізіп жатыр», - дейді мейірбике Динара Шүкірхан.