Көпбалалы отбасылар тегін грант алып, бизнес бастайды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдауға бағытталған гранттар беріле бастайды.
Бұл игі іс 2021 жылға дейінгі аймақтық Жол картасы шеңберінде іске асады. Бүгінде Президенттің тапсырмасы бойынша облыста көп балалы отбасыларды қолдауға бағытталған бірыңғай шаралар пакеті қабылданды.
Жол картасы арқылы өзінің шағын бизнесін ашуға ниетті көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға 1922 грант бөлінбек.
Сонымен бірге аз қамтамасыз етілген отбасылардың балалары сауықтыру лагерінде, әлжуаз отбасылардан шыққан 25 мыңнан астам оқушы тегін тамақ және мектеп киімімен қамтамасыз етіледі. Мұнан өзге Қызылорда қаласында 6800 бала Жол картасы аясында қоғамдық көлікте тегін жүреді.
Атап өтерлігі, бүгінде аймақта 36 мыңға жуық көп балалы отбасы бар. Оның 6 мыңға жуығы аз қамтылған. Қазірде 3000-нан астам көп балалы отбасы мен жалғыз басты аналардың материалдық жағдайы зерделенуде.