Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Республиканың басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тек Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында, солтүстікте, орталықта және шығысыңда атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбырмен бірге найзағай жарқылдап, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, солтүстіктің кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.
Павлодар, Қарағанда, Атырау, күндіз Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, түнде Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Павлодар облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі.
Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанда, Ақтөбе облыстарыңда қатты ыстық, кей жерлерінде өте қатты ыстық күтіледі, Жамбыл, Атырау, кей жерлерде Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарыңда қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, кей жерлерде Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.