18 шілде: Атаулы күндер
1995 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев Патенттік-технологиялық ақпарат және алдыңғы қатарлы технологиялық қозғалыс жолындағы барлық тосқауылдарды алып тастауға мүмкіндік берген Еуразиялық патенттік конвенцияны бекіту туралы Жарлыққа қол қойды.
2006 жылы Қазақстан Республикасының Дубайдағы Бас консулдығы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын араб тілінде жарыққа шығарды.
2009 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» жеке кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесетін қосымша шаралар алуға, кәсіпкерліктің мемлекетпен және қоғаммен өзара іс-қимылын нығайтуға, соның ішінде мемлекеттік органдар тарапынан тексерулер жүргізуді тәртіпке келтіруге бағытталған Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
2010 жылы Нұр-Сұлтанда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев пен ГФР Федералдық канцлері Ангела Меркельдің қатысуымен қазақстандық-германдық форум аясында болжалды 500 млн еуроға дейін жиынтық сомада «Қазақстан даму банкі» АҚ мен Deutsche Bank AG арасындағы Негізгі келісімге қол қойылды.
2012 жылы Нұр-Сұлтанда «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша ақпарат алуға мүмкіндік беретін Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды.
2013 жылы Нұр-Сұлтанда «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» компаниясының «ЕС 645 Т2» жауынгерлік тікұшағының таныстырылымы өтті.
2013 жылы Галац қаласында (Румыния) Қазақстан Республикасының құрметті елшілігінің ресми ашылу салтанаты өтті.
2014 жылы Нұр-Сұлтанда елордалық Сот төрелігі сарайы жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өтті.
2014 жылы Нұр-Сұлтанда Назарбаев Университеті базасында Технологиялық парк ашылды. Технопарктің жалпы аумағы 2 мың шаршы метрден асады.
2016 жылы оңтүстікқазақстандық Карина Нәжімеддинова Италияда өткен «Sun оf Italy» халықаралық конкурс-фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды.
2016 жылы «1941. Брест қамалы. Қазақстан» кітабында алғаш рет Брест қамалының қорғаған қазақстандықтардың тізімі жарияланды. Кітаптың авторы - тарих ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдағы медиа кафедрасының профессоры Ләйлә Ахметова.