390 грант қызылордалық түлектерге бөлінбек
oldkaz.kyzylorda-news.kz. ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына 5 мың білім гранты бөлінді.
5 мың гранттың 390-ы Қызылорда облысына бағытталады. Оның 61-і педагогикалық ғылымдарға, 329-ы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, ауылшаруашылығы және биоресурстар мамандықтарына бөлінеді.
Білім беру гранттарын алатын түлектер көп балалы отбасынан шыққан және атаулы әлеуметтік көмек алатын балалар дәрежесінде екендігін растайтын құжаттарды ұсынуы керек.
Конкурсқа өтініштерді қабылдау мерзімі 5-10 тамыз аралығында, білім беру гранттарын беру 15 тамызға, қабылдау 25 тамызға дейін қабылданады.