Елдің тарихы мен мәдениетіне қатысты қолжазбалар зерттеліп, құндылығы анықталады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Бұл істі Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңесі қолға алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Біздің тарихымызды, мәдениетімізді, тілімізді, дінімізді жақсылап тереңірек зерттейтін болсақ, оған құнды жәдігерлер керек. Құнды түпнұсқалар керек. Сол түпнұсқалар жан-жақтан бірнеше тілде, соның ішінде парсы тілінен, қытай тілінде жазылған. Мақсатымыз - осы жердегі қорларды бұқаралық біздің зерттеушілерге жеткізу. Соларға таныстыру және біздің ғалымдармен зерттеушілер арқылы бұқараға сонымен бірге жеткізуге біздің мақсатымыз бар», - дейді Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық кеңесінің төрайымы Айгүл Сәдуақасова.