Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 17 шілдеге арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Тоқты
Белсенділігіңіз тым жоғары. Басшылық көп еңбектенгеніңізді қалайды. Жеке өміріңізде барлығы жақсы. Бірақ ішкі түйсіктің айтқанына бағынғыңыз келмейді. Алайда іштей тынып қалмаңыз. Алдағы күндерге көп жоспар құрмаңыз.
Торпақ
Денсаулығыңызды күтіңіз. Өзге адамдармен араңызда мәселелер туындауы мүмкін. Достарыңызбен де жағдай мәз емес. Эмоцияға берілмегеніңіз жөн. Газды сусындардан бас тартып, еттен жасалған тағамдарды тұтынбаңыз.
Егіздер
Жақындарыңызбен маңызды мәселе жайында сөйлесуге қолайлы күн. Сонымен қатар бүгінгі күн көптен күткен кездесуді ұйымдастыруға да болады. Жұмысқа қатысты өзгерістер орын алуы мүмкін. Қызықты іспен айналысуыңыз мүмкін.
Шаян
Жаңа жұмыс табасыз немесе жаңа серіктестермен жолығасыз. Мұндай белсенділігіңізді кейбір жандар дұрыс түсінбей, сізге «өзіне тым сенімді» деп баға беруі мүмкін. Бүгін жеке өміріңізде қызықты жайттар көп болады.
Арыстан
Жұмысқа қатысты ұсыныс түсуі мүмкін. Қабыл алмас бұрын жақсылап ойланыңыз. Себебі бұл ұсыныс сізге пайда әкелмейді. Барлығы жақсы деп ойлағаныңызбен, әріптестеріңізбен немесе басшылықпен келіспеушіліктер орын алуы мүмкін. Абай болыңыз.
Бикеш
Қазіргі орын алып жатқан жағдай өте қиын болғанымен сіз жетістікке жете аласыз. Сондай-ақ бүгін көптен күткен жағымды жаңалықты естіп, қуанып қаласыз. Жоспарларыңызды өзгертіп, өзгеше іс бастауға ұмтыласыз.
Таразы
Өте сақ болыңыз. Тіпті ұсақ-түйек тірліктің өзін назардан тыс қалдырмаңыз. Күнделікті атқарып жүрген жұмысқа көп уақыт жоғалтуыңыз мүмкін. Соның салдарынан келіскен кездесуді де кейінге қалдырып, жоспарды өзгертуге тура келеді.
Сарышаян
Бүгін сіздің атқаратын жұмыстарыңыздың біразы қиын болады. Барлығы сіз ойлағандай жүзеге аспайды. Өз ісіңізді асықпай атқарыңыз. Сонда ғана қателіктерге бой алдырмайсыз.
Мерген
Күніңіз сәтті өтеді. Қиын да болса жаңа жұмысқа білек сыбана кірісесіз. Бұл белсенділігіңіз жетістікке жеткізіп қана қоймайды, айналаңыздағыларға да ұнап, беделіңіз артатын болады. Бүгін жаңа достар тауып, олардың қолдауына ие боласыз.
Тауешкі
Іскерлік кездесулер өткізуге қолайлы күн. Жұмысыңыз бір бағыттағы жандармен немесе шығармашылық байланысыңыз бар адамдармен тіл табысу оңай болады. Сонымен қатар бүгін отбасыңызға қатысты жағымды жаңалық естейсіз.
Суқұйғыш
Қарбалас күн. Көп еңбектенесіз, соның арқасында айтарлықтай жетістікке де жетесіз. Күннің екінші жартысында достарыңызбен демалыңыз. Косметикалық бұйымдар пайдаланғанда абай болыңыз.
Балықтар
Бүгін жұмысқа қатысты бірнеше ұсыныстар түседі. Пайдасы жоқ жұмыстарға босқа уақыт жоғалтпаңыз. Балаларыңызбен қарым-қатынасыңыз қиындық тудырады. Жақындарыңызбен әңгімелескенде сабырлы болыңыз.