Қызылорда облысының демографиялық ахуалы
2019 жылдың 1 маусымына облысымыздағы халық саны 798,5 мың адамды құрады.
Оның 354,4 мыңы, яғни 44,4% қалалықтар болса, 444,1 мың адамды (55,6%) ауыл тұрғындары. Бұл көрсеткішті 2018 жылдың 1 маусымымен салыстырғанда халық саны 10,8 мың адамға немесе 1,4% өсті.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілер жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2019 жылғы қаңтар-мамырында туылғандар саны 7625 адамды құраған. Бұл өткен жылға қарағанда 0,5% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 23,06 туылғандарды құрады.
Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында облыс халқының табиғи өсімі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 132 адамға немесе 2,2% кеміп, 5770 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 17,45 адамға тең.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 1855, бұл былтырғы жылға қарағанда 5,3% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 5,61 қайтыс болғандарды құрады. Биыл облыста 1 жасқа дейінгі 76 нәресте шетінеген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 16,9% көбейген. Нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 9,97% құрады.
Алдын-ала алынған деректер бойынша 2019 жылғы қаңтар-мамырындағы көші-қон алмасуы нәтижесінде Қызылорда облысынан 21429 адам кетіп, облысқа 19808 адам келді. 2018 жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда облысқа келгендер саны 41,2%, ал облыстан кеткендер саны 39,3% көбейген.
Алыс және жақын шетелдерден 12 адам (2018 жылғы қаңтар-мамырында 16 адам), республиканың басқа облыстарынан 3881 адам келсе, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 3380 адам келген болатын.
Облыстан 5489 адам кеткен. Оның дені өзге аймақтарға көшуіне байланысты болып отыр. Былтыр осы уақыт аралығында аймақтан 4728 адам немесе 30,7% кеткен болатын.
Алыс және жақын шетелдерге 25 адам, ал 2018 жылдың қаңтар-мамырында 23 адам көшті. Сыртқы және ішкі көші-қон нәтижесінде 2019 жылдың қаңтар-мамырында 1608 адамға, 2018 жылғы қаңтар-мамырында 1348 адамға кему қалыптасқан.
Облыстың 15915 тұрғыны Қызылорда аумағында тұрғылықты орнын ауыстырды, ал өткен жылы 10632 адамға тең болған.