Сапалы қызмет - сұранысқа ие
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қармақшылық кәсіпкер Қанат Үсенов 2016 жылдан бері бизнестің қыр сырын меңгеріп келеді.
Ол 2016 жылы "Жол картасы 2020" бағдарламасы аясында 800 мың теңге көлемінде несие алып, жергілікті тұрғындар үшін монша ашты.
Халықтың сұранысына сай оны кеңейту үшін "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" жобасымен 2 миллион теңге жеңілдетілген несие алып жұмысын одан әрі жетілдірді.
Бүгінде тұрғындарға жаңғыртудан өткен монша мен сауна күнделікті қызмет атқарып келеді. Бағасыда қалтаға қонымды, әр адамға 500-600 теңге көлемінде. Ауданда жұмыссыздық санын азайтуды көздеген азаматтың алға қойған жоспарлары да жоқ емес. Кәсібі өрлеген Қанат Үсеновтың алдағы мақсаты мал бордақылаумен айналысу.