Қызылордада такси жүргізушілерін тақырға отырғызған алаяқ сотталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылордада такси қызметімен айналысқан азаматтарға алаяқтық жасаған 44 жастағы күдіктіге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ол емдеу орындарындағы өзінің жақын туыстарының мәйітін қашық орналасқан елді мекендерге алып баруға алдымен өтініш айтады. Одан соң кейін қайтаратынын айтып, олардан ақша алдап алады. Алаяқ мұндай әрекетін бірнеше мәрте қайталаған. Сот тергеуі нәтижесінде сотталушы өз кінәсін толық мойындады», - деді Қызылорда қаласы №2 сотының баспасөз хатшысы Таңшолпан Алтынбаева.
Қызылорда қаласы №2 сотының үкімімен сотталушы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4) тармағымен кінәлі деп танылды. Оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.