Қазалыда жедел-жәрдем көлігінің кілттері табысталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданаралық ауруханасына қарасты емдеу мекемелеріне су жаңа жедел жәрдем көліктері берілді.
Бүгінде «А» класына жататын техникалар тұрғындарға қызмет көрсетуді бастап кетті.
Ақтан батыр, Бозкөл және Әйтеке би кентіндегі «Жетес би» ауылдық емханаларына автокөліктердің кілттерін Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Гүлжихан Нысанова табыстап, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Айта кетейік, бұған дейін аталған үш елді мекендегі емдеу мекемелерінде қызмет етіп жүрген көліктерінің тозығы жеткен болатын. Олардың кейбіреулерінің пайдалануға берілгеніне 10 жылдан асқан. Енді жаңа көліктер халыққа қызмет ету сапасының жақсаруына игі әсер етеді.